Ушанов алаңында өсіп тұрған 28 түп шырша басқа жерге көшіріледі
Ушанов алаңында өсіп тұрған 28 түп шырша ағашын тамырымен қазылып алынып, Самал саябағына қайта отырғызылатын болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы Өскемен қаласының ТҮКШ бөлімі мәлімдеді.
Жобаға сәйкес, орталық көгал кішірейтіледі. Оның есесіне алаңдағы айналма жол 4 жолаққа дейін көбейіп, бұрыштар кеңейтіледі.
Сонымен қатар, алаңда өсіп тұрған биіктігі 3 метрге дейін жететін балапан шыршалар арнайы машинаның көмегімен басқа орынға, яғни Самал саябағына қайта отырғызылады.
Оқи отырыңыз