KZ
Өскемен
-9°
небольшой снег жел 5 м/с, СБ
509.84 595.75 6.47

Ушанов алаңы жөнделеді. Ескерткіш орнында қалады

10.04.2020, 04:52 469

Өскеменде биыл жеті учаске жөнделетінін хабарлаған едік. Солардың бірі – Ушанов алаңы. Бұл жердегі алаңқайдың көлемін кішірейтіп, көлік жолын кеңейту жоспарланған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Қазіргі уақытта жұмысшылар бордюрлерді алып, жасыл жамылғыны қопарып жатыр. Осыдан кейін алаңқайдың жаңа шеңбері өлшеніп, орташа жөндеу жұмыстары басталады. Күн жылынып, жер дегдіген кезде асфальт төсейміз, – деп мәлімдеді қаланың ТҮКШ бөлімі.

Мамандардың айтуынша, Ушановтың мүсіні мен маңайында өсіп тұрған ағаштар қаз-қалпында қалады. Алаңның бір метрдей аумағы көлік жолының "еншісіне" берілетін көрінеді.  

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу