KZ
Өскемен
-26°
плотный туман Штиль
523.72 544.09 5.2

Ушанов алаңындағы 8 шырша басқа жерге көшірілетін болды

13.04.2020, 06:15 151

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Назарбаев даңғылындағы көлік жолын кеңейту үшін Ушанов алаңын жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Осыған байланысты қала басшылығы бастапқыда алаңда өсіп тұрған 28 түп шыршаны басқа жерге көшірмек болған. Енді тек 8 шырша көшірілетін болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.  

Қазір алаңда 15 үлкен және 35 кішкентай – барлығы 50 шарша өсіп тұр.

- Біз биыл 7 көшені жөндеуді қарқынды бастадық. Мәселен ҮМЗ аумағындағы айналма жол 18-19 жылдан бері жөнделмеген. Шәкәрім даңғылында жұмыс қызу жүріп жатыр. 1 қазанға дейін даңғылды кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Тағы бір жобамыз – Бажов көшесі, қаланың күре тамыры деуге болады. Ол да 15 жылдан бері жөндеу көрмеген.

Сондай-ақ Комендант көпірін неге жөндемейміз деп сұрайтындар көп. Егер ол жұмысқа кіріссек, көлік қозғалысы мүлдем тоқтап қалады. Өйткені оған парарель көшелерде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Көпірдің жобасы дайын, тек бұл істі келесі жылы қолға аламыз.

Ушанов алаңына қатысты айтар болсам, 8 жыл бұрын бұл жердегі жаяу жүргіншілер жолы алынды. Өйткені көлік ағыны көп, бұл – жаяу жүргіншілер үшін де, жүргізушілер үшін де өте қауіпті болды. Содан бері алаңға ешкім бармайды. Біз бұл учаскені барлық нормативтер мен стандарттарға сәйкес жөндейміз. Өкінішке орай кішкентай 5 шыршаны басқа жерге көшірдік. Тағы 3 шыршаны көшіреміз. Мен де ағаштарды отауға қарсымын. Бірақ біз отамаймыз, жыл сайын қалада ондаған ағаш көшіреміз және одан да көп көшет отырғызамыз. Биыл түрлі-түрлі 18 мың көшет отырғызу жоспарда бар... Қазір алаңда орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның есебінен көлік жолы кеңейеді, – деп мәлімдеді қала әкімі Жақсылық Омар.

Сондай-ақ қалалық полиция басқармасының қызметкері Сергей Коваленко «Вояж» автобус аялдамасы алаңның орта тұсына қарай жылжытылатынын мәлімдеді.                

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу