KZ
Өскемен
пасмурно жел 2 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Өскемендегі Ушанов алаңын қайта құру жұмыстары аяқталды

22.07.2020, 13:19 482

Ушанов алаңын қайта құру жұмыстары толық аяқталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Алаңның айналасындағы жол бес жолаққа дейін кеңейтіліпті. Қосымша жаңа жолақтар Әміре Қашаубаев және Космическая көшесінен айналма жолға шығатын тұстарды кеңейтуге мүмкіндік берді.

Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін "Ушанов алаңы" аялдама кешені басқа орынға ауыстырылды. Сондай-ақ, айналма жолдың бойына 6 диодты жарық бағаны орнатылды. Жолдың жөндеуден өткен бөлігіне белгілер қойылды.

Қазіргі таңда алаңда құнарлы топырақ төсеу жұмыстары жүргізілуде, алдағы уақытта онда сәндік өсімдіктер отырғызылмақ.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу