KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 2 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Өскеменде «СТО» күзетшілері газға уланып көз жұмды

10.04.2020, 05:35 125

 Өскеменде «СТО» күзетшілері газға уланып көз жұмды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жастар көшесіндегі көліктерге техникалық қызмет көрсету станция аумағынан екі адамның мәйіті табылған. Бұл туралы хабар қаланың Төтенше жағдайлар басқармасына 9 сәуір күні сағат 09.36 шамасында келіп түскен.

Құтқарушылардың айтуынша, 1971 және 1985 жылы туған екі азамат пештен шыққан газға уланып, көз жұмған. Пештің тартқышы болмаған көрінеді. Оқыс оқиғаның себебі осы болуы мүмкін дейді мамандар.  

Оқиға орынына ТЖД-ның өрт сөндіру және апаттық жағдайда құтқару қызметі шақырылмады. Қалалық ТЖБ тұрғындарға пеш жаққанда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив