KZ
Өскемен
+6°
пасмурно жел 6 м/с, СБ
518.21 590.09 6.3

Канело, Сондерс және Қанат Ислам бір кеште жұдырықтасатын болды

30.03.2020, 11:10 212

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Қанат Исламның (27-0, 21 КО) келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 Vesti.kz мәліметінше, қазақстандық боксшы Хайме Мунгиямен (34-0, 28 КО) жұдырықтасады.

Ислам - Мунгия жекпе-жегі мексикалық Сауль «Канело» Альварес (53-1-2, 36 КО) және екінші орта салмақта WBO чемпионы ұлыбританиялық Билли Джо Сондерс (29-0, 14 КО) кездесуінің андеркартында өтеді.

Бұл бокс кеші 2 мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді деп жоспарланған. Алайда коронавирус індетіне байланысты бокс кешінің нақты уақыты туралы ресми ақпарат жоқ.

Естеріңізге салайық, Мунгия орта салмаққа ауысып, бірінші жекпе-жегінде ирландиялық Гэри О’Салливанды (30-4, 21 КО) нокаутпен жеңген болатын.

Ал Қанат Ислам соңғы рет 2019 жылы Алматыда жұдырықтасты. Намибиялық Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 КО) төрешілер шешімімен жеңген қазақстандық боксшы WBO International белбеуін қорғап қалған еді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу