KZ
Өскемен
-7°
ясно жел 1 м/с, С
518.14 537.57 5.27

Қанат Исламның жаңа бапкері кім?

20.01.2020, 10:31 205

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) жаңа бапкермен жаттыға бастады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Vesti.kz-тің мәлімдеуінше, жаңа бапкердің есімі – Нұрғали Сафиуллин. Ол Багаудин Бековтың орнына келген маман – Қазақстан құрамасының бұрынғы аға бапкері.

Ал Беков 2019 жылы Қанат Исламды екі жекпе-жекке дайындады. «Қазақ» бірінші маусым айында Хулио Де Хесуспен (27-2, 24 КО), екінші кезекте қазан айында намибиялық Уолтер Каутондоквамен (18-2, 11 КО) жұдырықтасты.

Қанат Ислам бапкер Нұрғалидің қол астында бұған дейін де жаттықан. Сондай-ақ Сафиуллин Мырзағали Айтжанов, Мұхтархан Ділдәбеков, Нұржан Сманов және жартылай ауыр және бірінші ауыр салмақта WBA чемпионы Бейбіт Шүменов (18-2, 12 КО) сияқты бірнеше бокс жұлыздарын дайындаған.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу