Жұмыссыздарға 4 пайызбен шағын несие беріледі
Қазақстанда аз қамтылған және көпбалалы отбасындағы жұмыссыз азаматтарға 4 пайызбен 7 жылға дейін шағын несие беріледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті.
Мұндай несиелер «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған. Ағымдағы жылға аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру үшін 123 млрд теңге бөлініп, 535 адамды қамту жоспарланып отыр.
Бұл бағдарлама бойынша несие кез келген адамға 6 пайызбен 5 жылға дейін берілсе, аз қамтылған немесе көпбалалы отбасындағы жұмыссыз адамдарға 4 пайызбен 7 жылға дейін беріледі екен.
Оқи отырыңыз