KZ
Өскемен
-14°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
503.35 590.63 6.62

Көпбалалы аналарға 608 млрд теңге берілді

22.01.2026, 11:30 71 Ержан Әбіш

2025 жылы елімізде көпбалалы отбасылар мен наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен орта есеппен 850,3 мың отбасы қамтылып, төлемдердің жалпы сомасы 608,9 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақыны 606,2 мың отбасы алып, оларға 530,4 млрд теңге төленді. Ал наградталған аналарға берілетін жәрдемақымен 244,1 мың адам қамтылып, бұл мақсатқа 78,5 млрд теңге бағытталды.

2025 жылдың желтоқсан айында аталған жәрдемақыларды 876,7 мың отбасы алып, төлемдердің жалпы көлемі 53,1 млрд теңгені құрады. Оның ішінде көпбалалы отбасыларға 46,4 млрд теңге, наградталған аналарға 6,6 млрд теңге төленді.

Көпбалалы отбасыға берілетін мемлекеттік жәрдемақы 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар отбасыларға табысына қарамастан тағайындалады. Төлем мөлшері бала санына байланысты есептеледі. 2025 жылы 4 баласы бар отбасылар 63 030 теңге, 5 балаға – 78 798 теңге, 6 балаға – 94 565 теңге, 7 балаға – 110 332 теңге алды. Ал 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға әр балаға 15 728 теңгеден төленді.

Наградталған аналарға берілетін жәрдемақы «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған, сондай-ақ бұрын «Батыр ана» атағын алған және І, ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады. 2025 жылы «Күміс алқа» иегерлері ай сайын 25 165 теңге, ал «Алтын алқа» иегерлері мен «Батыр ана» атағын алған аналар 29 097 теңге мөлшерінде жәрдемақы алды.

Сонымен қатар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын барлық мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 10 пайызға артқаны атап өтілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу