Көктайғақ. Өскеменде бір айда мыңнан астам адам жарақат алды
Өскеменде бір айдың ішінде мыңнан астам адам тайып жығылып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Көктайғақтың кесірінен тайып құлап, жарақат алғандар саны азаяр емес. Мәселен өткен ақпан айында облыстық мамандандырылған медициналық орталықтың қызметкерлері жарақат алған 1139 адамға көмек көрсеткен. Бұл туралы аталмыш мекеменің БАҚ және мониторинг маманы Динар Ақшанова мәлімдеді.
Сондай-ақ наурыз айының алғашқы онкүндігінде зардап шеккендер саны 332 адамға жетіп қойғанын айта кетейік.
Оқи отырыңыз