Өскеменнің іргесіне АН-2 ұшағы құлады
Өскеменнің дәл іргесіндегі Прапорщиково ауылының жанына ұшақ құлады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бастапқы мәліметтерге сүйенсек ел арасында «кукурузник» деп аталатын АН-2 ұшағының бортында 2 дәрігер мен 3 экипаж мүшесі, яғни 5 адамға болған.
Санавиация қызметіндегі ұшақтың қозғалтқыштары істен шығуы мүмкін деген болжамдар бар.
-Ұшақ бортында болғандардың барлығы тірі, оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Жерге құлаған кезде ұқшақтан өрт шықты, қазір жалын толығымен аузыдықталды, деп хабарлайды ШҚО ТЖД.
ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі осы оқиғаға қатысты мынандай ресми ақпарат таратты:
Бүгін 26 ақпанда сағат 12.26-да Прапорщиково ауылы маңында "Орлан-2000 әуе компаниясы" ЖШС-нің 0001 борт нөмірлі АН2 ұшағының КОЖ1477 рейс экипажы апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды.
⠀
Ұшақ Өскемен-Ақсуат бағытында санитарлық тапсырма бойынша ұшқан. Ұшу барысында тапсырма тоқтатылып, борт Өскеменге кері қайтқан. Бірақ, Прапорщиково ауылының маңында 124 бағыттан бастап қозғалтқыш жана бастайды.
⠀
‼️‼️ Бортта бес адам болған. Экипаж және жолаушылар аман-есен.
⠀
Тізім:
Асаубаев, Халитов - дәрігерлер
Шкулов, Шалыгин, Иванов - экипаж