Құлаған ұшақ Өскемен-Ақсуат бағытында санитарлық тапсырмамен ұшқан
ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі осы оқиғаға қатысты мынандай ресми ақпарат таратты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бүгін 26 ақпанда сағат 12.26-да Прапорщиково ауылы маңында "Орлан-2000 әуе компаниясы" ЖШС-нің 0001 борт нөмірлі АН2 ұшағының КОЖ1477 рейс экипажы апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды.
⠀
Ұшақ Өскемен-Ақсуат бағытында санитарлық тапсырма бойынша ұшқан. Ұшу барысында тапсырма тоқтатылып, борт Өскеменге кері қайтқан. Бірақ, Прапорщиково ауылының маңында 124 бағыттан бастап қозғалтқыш жана бастайды.
⠀
‼️‼️ Бортта бес адам болған. Экипаж және жолаушылар аман-есен.
⠀
Тізім:
Асаубаев, Халитов - дәрігерлер
Шкулов, Шалыгин, Иванов - экипаж