Қазақстанның бес өңірінде су тасқыны болуы мүмкін
Қазақстанның бес өңірінде су тасқыны болуы мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Дереккөздің мәліметінше, наурыз айында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын нормадан жоғары мөлшерде жауады. Сондықтан Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарында су тасқыны болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта синоптиктер тәулік бойы еліміздің барлық өңіріндегі су деңгейін бақылап отыр.
«Солтүстік Қазақстан облысында қар деңгейі көпжылдық нормадан 80 пайызға жоғары, Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстарында 30-60 пайызға, ал Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында 20-50 пайызға көп. Жамбыл облысында қар нормадан 30 пайызға көп болса, Алматы облысы тауларында қар деңгейі нормадан 35-45 пайызға төмен», - деп мәлімдеме жасады Қазгидромет.