ШҚО ауылдарында өмір сапасы жақсарып келеді - Даниал Ахметов
Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдарда өмір сапасы жақсарып келеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов тұрғындар алдындағы есебінде мәлімдеді.
Мәселен өткен жылы "Ауыл - ел бесігі" арнайы жобасының аясында 3,5 миллиард теңгенің 8 жобасы жүзеге асты. Ал 2020 жылы 7,2 миллиард теңгенің 54 жобасы жоспарланған.
Сондай-ақ облыс әкімі өзге саладағы жетістіктерге де тоқталды. Айталық, үш жылда облыс көлеміндегі медициналық ұйымдарға 22 миллиард теңге инвестиция тартылған.
- Шығыс Қазақстан облысы медицинаның алтын стандартына қол жеткізді, - дейді Даниал Ахметов
Аймақ басшысының айтуынша, өңірде әлеуметтік көмек және баспана мәселесі оң шешімін тауып келеді.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін ШҚО әкімі Даниал Ахметов 2019 жылдың әлеуметтік-экономикалық қорытындылары бойынша тұрғындармен есептік кездесу өткізіп жатыр.