KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Шекарадағы бес ауданды дамыту үшін кешенді жоспарлар әзірленді - Даниал Ахметов

26.02.2021, 11:32 353

Аумақты дамыту шеңберінде шекара маңындағы бес аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі кешенді жоспарлар әзірленді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді. Оның айтуынша, 2020-2024 жылдар аралығында 218 миллиард теңгеге бірқатар іс-шаралар жоспарланған.

– Оның ішінде 2020 жылы 2 жүзу бассейні (Күршім және Үржар ауылдарында), Мақаншы ауылында спорт модулі салынды. 17 екі пәтерлі және 1 отыз пәтерлі үй пайдалануға берілді, 3 көппәтерлі үйдің құрылысы басталды, 105 - білім беру, 6 – денсаулық сақтау, 9 – спорт, 31 – мәдениет объектілері, 270 км-ден астам жолдар мен көшелер жөнделді. Тарбағатай, Күршім және Үржар аудандарының ауылдарына сумен жабдықтау желілері тартылды, 18 елді мекенде блокты-модульді станциялар орнатылды. Шекара маңындағы аудандар ауруханаларының перзентхана бөлімшелерін 2 деңгейге ауыстыру үшін 989 млн. теңгеге медициналық жабдықтар сатып алынды. 2020 жылы барлығы 44 млрд. теңгенің жобалары іске асырылды, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Ал алдағы жылы аймақ басшысының айтуынша, 4 көппәтерлі тұрғын үй, 8 су құбыры, 4 ФОК, 2 спорт модулі, 3 мәдениет объектісінің құрылысы жоспарланған. 26 білім беру, 3 денсаулық сақтау, 4 спорт, 6 мәдениет объектісін жөндеу қарастырылған. 12 су құбыры және 230 км астам жолдар мен көшелер жөнделетін болады.

Барлығы 2021 жылы шекара маңындағы бес ауданды дамытуға 59 млрд. теңге бағыттау жоспарланып отыр.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу