Қазақстанда бір баласы бар отбасыларға да жәрдемақы төленуі мүмкін
Елімізде бір баласы бар отбасыларға да жәрдемақы төлеу мәселесі қаралмақ. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев мәлім етті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қазіргі таңда Қазақстанда 379 мың көпбалалы отбасы бар, олар арнайы жәрдемақы алып отыр. Төрт және одан көп баласы бар отбасылар ғана көпбалалы болып табылатыны белгілі. 1-3 баласы бар отбасыларға да жәрдемақы төлеу мәселесу көтеріліп жатыр.
- Біз түрлі тәсілдерді қарастырып, қаржылық есептер жүргіземіз. Бұл мәселе тікелей қаржылық мүмкіндіктерге байланысты болып тұр, - дейді Бердібек Сапарбаев.
Оқи отырыңыз