KZ
Өскемен
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
495.1 583.72 6.46

Апатқа ұшыраған ұшаққа белгілі адвокат Айман Омарова да билет алған

27.12.2019, 05:30 371

Алматы облысында апатқа ұшыраған самолетке белгілі адвокат Айман Омарова билет алған.

«Әуелі астанаға жетіп, содан кейін Петропавлға бір мәселемен бармақ едім. Көмекшіме Air Astana емес, тап осы Bek Air-ға билет алуды тапсырдым. Бірақ соңғы сәтте Петропавлдағы клиентім өзі хабарласып, маған басқа ұшаққа, яғни «Алматы – Көкшетау» бағытына билет алып қойғанын айтты. Мұнысына ашуланып қалғаным рас. Алайда келістім. Енді, міне, Көкшетауға жеткенде мына оқиғаны естіп отырмын. Қол-аяғым әлі дірілдеп отыр», – деді адвокат.

Айта кетейік, апат болған ұшақ ішінде Айман Омарова есімді адам болғаны айтылған болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу