KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
522.91 548.85 5.05

Головкин шаршы алаңға наурызда шығады. Қарсыласы кім?

23.12.2019, 09:02 163

IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин келесі кездесуін 2020 жылдың наурызында өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Vesti.kz деректеріне сәйкес, бұл туралы Matchroom Boxing промоутер компаниясының басшысы Эдди Хирн мәлімдеген.

Оның айтуынша, Головкиннің қарсыласы – поляк боксшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО). Олардың жекпе-жегін Халықаралық бокс федерациясы (IBF) санкциялады.

– Головкин наурыздың соңында, атап айтқанда 28-інде Шереметамен кездеседі деген болжам бар, – деп жазған Bokser.org 

Головкин 5 қазанда Нью-Йоркте (АҚШ) жеңіп алған IBF титулын алғаш қорғамақ.  Айта кетсек, сол кештің андеркартасында Шеремета да өнер көрсеткен. Ол екінші раундта мексикалық Оскар Кортесті нокаутқа түсіріп, IBF титулына үміткер атанған.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу