KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОБ
443.37 474.49 4.83

Бүгін Өскеменде 2000-ға жуық ұстаз қатысқан республикалық байқаудың жеңімпаздары марапатталды

11.12.2019, 09:31 95

Бүгін Өскеменде республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Марапаттау рәсімі облыс орталығындағы «Ұстаздар үйінде» өтті. Байқауға мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім ұйымдарына арналған бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер ұсынылады. Сайыс алғаш рет 2018 жылы ұйымдастырылған.

-        Міне екінші жыл қатарынан «Педагогикалық идеялар панорамасы» сайысы өткізілді. Байқауға қатысам деушілердің саны жыл санап өсіп келеді. Мен осы бір шығармашылық байқауға қатысқан әр ұстаздың еңбегін құрметтеймін. Ұстаздарға шығармашылық табыс тілеймін, - дейді «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының төрайымы Гүлнас Кенжетайқызы.

Екі кезеңнен тұратын байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 1948 ұстаз қатысыпты. Республикалық байқауға 971 бейне-сабақ ұсынылды, оның 66-сы 22 номинация бойынша жеңімпаз атанды.

-        Бұл сайысқа мен педагогикалық біліктілігімді арттыру үшін қатыстым. Байқаудың ерекшелігі, ұсынылған жұмыстарды еліміздің түкпір-түкпіріндегі ұстаздар көре алады. Осы орайда білім саласына ерекше көңіл бөліп жүрген Даниал Кенжетайұлына алғысымды жеткізгім келеді, - дейді байқаудың жүлдегері семейлік ұстаз Алуа Бейімбетова.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив