Бүгін Өскеменде "Ұстаздар үйі" ашылды
Бүгін Өскеменде Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында "Ұстаздар үйі" ашылды, деп хабарлайды «Алтайньюс» тілшісі.
Аталған орталықтың ашылу салтанатына ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Аймұқашев пен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының төрайымы Гүлнас Кенжетайқызы қатысып, педагогтарға ізгі тілектерін жеткізді.
- Облыс әкімі Даниал Ахметов өңірдің білім саласына ерекше көңіл бөліп келеді. Бұл сөзімізге Шығыс Қазақстанның республикада цифрландыру, көптілділік және инклюзивті білім беру бойынша көш бастап тұрғаны дәлел. Облыста ұстаздарға дәл осындай орталық жетіспей тұрған еді. Енді міне ол олқылықтың да орны толды. Бұл жерде теория мен тәжірибе қатар беріледі. Осы орайда Білім және ғылым министрлігіне қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз, - деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Аймұқашев.
