KZ
Өскемен
+20°
переменная облачность жел 6 м/с, З
441.8 480.02 4.88

Зайсан ауданында кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын дамыту қолға алынған

25.11.2019, 10:39 266

Зайсан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Ләззат Шақантаева бөлімнің жыл көлемінде атқарған бірқатар жұмыстарымен таныстырды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ағымдағы жылы ауданға "Сыбаға" бағдарламасымен шет елден 117 бас ірі қара , 480 бас ұсақ мал әкелінген екен.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген 261 млн. теңгеге 70 адам несие алып, кәсіптерін ашқан. Алдағы уақытта жаңа бизнес идеяларды іске асыруға берілетін қаражат көлемі шекаралық аймақтарды дамыту бағдарламасына сәйкес 3 млн-нан 5 млн-ға дейін артпақ.

Сондай-ақ, биыл "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасы бойынша аудандағы үш кәсіпкер жылдық үстемесі 6%-дан аспайтын несие алып отыр. Ал "Қарапайым заттар экономикасы" жобасымен несие алуға екі бизнес жоспар ұсынылып, қазіргі уақытта нәтижесі күтілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив