Бүгін – халықаралық студенттер күні
17 қараша - Халықаралық студенттер күні, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Халықаралық студенттер күнінің нақты осы датаға қойылуының астарында үлкен мән жатыр. Чехияның астанасы Прагада 1939 жылы 17 қарашада фашистік неміс басқыншылары чех патриот студенттерін атып өлтіріп, 1200-ден аса студент қолға түскен. Осыған байланысты, дүниежүзілік студенттер конгресінде 17 қарашаны патриот чех студенттерінің құрметіне “халықаралық студенттер күні” деп атау ұсынылған. Студенттер күні алғаш рет 1941 жылы 17-қарашада Лондон қаласында тойланыпты.
Студенттер күні романтика мен жастық албырт шақпен астасып жатқанымен, атаулы күннің тарихы екінші дүниежүзілік соғыстағы (ЕДС) Чехословакия студент жастарының қасіретімен байланысты.