Оқушылар мен студенттер қашықтықтан екі аусым бойынша оқиды
Қазақстанда қашықтықтан сабақ алатын оқушылар мен студенттер екі аусым бойынша оқиды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді. Оның айтуынша, екі аусыммен оқу – мобильді желінің жүгін жеңілдетеді. 1-9 сынып оқушылар таңғы 9.00-ден, 10-11 сынып оқушылары мен студенттер 14.00-ден бастап оқитын болды.
– Елімізде үш миллион оқушы, бір миллион студент және сегіз мыңнан астам мұғалім бар. Желіге көп салмақ түскен кезде, интернет-провайдерлер шыдамайды. Сондықтан екі ауысыммен қашықтықтан оқыту туралы шешім қабылданды, – деді вице-министр.
Айта кетейік, 16 наурызда елімізде төтенше жағдай жарияланды. Осыған байланысты мектеп оқушылары каникулға ерте шығып, студенттер қашықтықтан оқуға көшкен еді. Енді 6 сәуірден бастап оларға оқушылар да қосылмақ.