Өскемендіктер автобустарды мобильді қосымша арқылы бақылай алады
Өскеменде қоғамдық көлікке арналған мобильді қосымша жасалады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аталмыш қосымша арқылы автобустардың қай жерде келе жатқанын көруге болады. Яғни ауа райы қолайсыз болған жағдайда, қоғамдық көлікті әлдебір шайханада алаңсыз күтуге мүмкіндік туады.
Келесі жылдың екінші жартысында электрондық билеттендіру жүйесі енгізілмек. Сол кезде мобильді қосымша толығымен іске қосылады, – деп мәлімдеді облыстық көлік басқармасы.
Оқи отырыңыз