KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОШ
495.1 583.72 6.46

Аудан орталықтарына үнемді көше шамдары қойылады – Шығыс

4.11.2019, 04:57 434

ШҚО-да аудан орталықтарындағы көше шамдары үнемді шамдарға ауыстырылады. Бұл туралы жұмыс сапарымен Бесқарағай ауданына барған облыс әкімі Даниал Ахметов айтты, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

Облыс әкімі актив жиынында аудан орталықтарын абаттандыру жайында айтты. Оның айтуынша осы мақсатта, барлық ауданға келесі жылы, кем дегенде, 80 миллион теңге бөлінеді. Сондай-ақ облыстағы аудан орталықтарында 35 мың көше шамы үнемді шамдарға ауыстырылмақ.

Биыл Бесқарағай ауданын абаттандыруға 10 миллион теңге бөлінген. Келесі жылы да осынша сома қаражат қарастырылмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу