KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 2 м/с, В
494.87 520.65 4.91

Алтайда биыл 60 көше жөнделеді

26.11.2019, 05:47 163

Биыл Алтай ауданында электр энергиясының бағасын арзандату және су тасқынының алдын алу мақсатында Тұрғұсын ГЭС-і іске қосылады. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Нұржан Тоқсейітов айтқан болатын.

Серебрянка қаласындағы қазандық қайта қалпына келтіріледі. Осы мақсатта тиісті жұмыстар атқарылуда. Оған 242 миллион теңге бөлінген. Сонымен қатар аудан орталығындағы екі кәріз сорғыш стансасының жабдықтары ауыстырылады. Бұл «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

– Ағымдағы жылы Алтай мен Серебрянка қалаларындағы жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оған облыстық бюджеттен 300 миллион теңге бөлінді. Жалпы соңғы үш жылдың ішінде біздің ауданда 60 көше жөнделді, - деді Нұржан Тоқсейітов.
Брифинг барысында аудан әкімі Малеевск, Путинцево, Богатырево, Соловьево, Жаңа-Крестьянка ауылдарында балаларға арналған ойын алаңдары салынғанын атап өтті. Ал «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Алтай қаласындағы сумен жабдықтау жүйесі қайта қалпына келтірілмек.

– Биыл төртінші деңгейлі бюджетке көшкен әр қала мен ауылдық округке 10 миллион теңгеден бөлінді. Оған абаттандыру жұмыстары жүргізілді, - деді Нұржан Тоқсейітов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу