KZ
Өскемен
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

ШҚО-да бейнелеу өнерінің конкурсы басталды

27.10.2019, 06:10 150

А.С.Пушкин атындағы обыстық кітапхана бейнеелеу өнерінің конкурсын өткізбек. Жеңімпаздар ақшалай жүлдемен марапатталады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Аталмыш конкурстың тақырыбы - «Бақытты балалық суретшінің көзімен». Суреттер 25 қарашаға дейін қабылданып, 1 желтоқсанда жеңімпаздарды анықтайды. Ең үздік суреттер кітапхананың балаларға арналған секторына ілінеді.

Конкурстық жұмыстареға қойылатын талаптар: сурет ерекше формада салыну керек (сюжет, балалар ертегілерінің кейіпкерлері және т.б.), балалар үшін кітапқа жіне шығармашылыққа, білім алуға ынталандыратын, қызықты шығармашылық жұмыс болуға тиіс. Бейнелеу өнерінің барлы түрін пайдалануға болады, яғни живопись, графика, скульптура, сәндік-қолданбалы өнер, фотосурет, видео-арт, көркем объект, макеттеу және т.с.с. Эскиздер А3 форматынан кем емес материалдарда орындалуы керек: ватман, картон, холст және т.б. Суретті майлы бояумен, акварельмен, тушьпен, түрлі-түсті қарындаштармен, бормен және одан да бөлек материалдармен салуға болады. Сондай-ақ, конкурсқа бірнеше жұмыстан өткізуге болады.

Конкурсқа 16 жастан асқан кез-келген адам қатыса алады.

Конкурстық жұмыстар Қазақстан, 102 мекен-жайы бойынша немесе pushkinlibrary@yandex.kz электронды поштасы арқылы қабылданады. Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефон нөмірлеріне хабарлассаңыз болады: 26-13-33, 8-705-186-35-86 или 8-705-541-25-25.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив