ШҚО-да браконьер еліктің лағын атқан
Шемонаиха ауданының аумағында заңсыз аң аулау оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Оқиға 4 қазанда болған. ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының «Браконьер» жедел-алдын алу шараларының барысында сібір елігін атып алған күдікті анықталды. Ол Глубокое ауданына қарасты Малоубинка ауылының тұрғыны екен. Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Мұндай қылмыс үшін 160 АЕК (404 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салу, түзету жұмыстары, қоғамдық жұмысқа тарту немесе 40 тәулікке қамауға алу жазасы қарастырылған.
Оқи отырыңыз