ШҚО-да автокөліктен маралдың мүйізі мен еті табылды
27 маусымда ШҚО Полиция департаменті мен «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бірлесіп өткізген шараларының барысында заңсыз аң аулау фактісі тіркелді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Зайсан ауданының Ақ жал учаскесінде Нива көлігі тоқтатылып, тексеру жүргізілген. Автокөліктің салонынан маралдың еті мен мүйізі және иір ойықты мылтық табылды.
Бұл жағдайға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 337 бабы, 1 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Оқи отырыңыз