Семейде бір күнде 328 тонна қоқыс шығарылды
Семейде «Бірге – таза Қазақстан» акциясына 13 мыңнан астам адам қатысып, 328 тонна қоқыс шығарды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы қалалық ақпарат орталығы ақпар таратты. Жиналған қоқыс қатты қалдықтар полигонына төгілген.
Акцияға негізінен мемлекеттік қызметкерлер қатысты, сондай-ақ кәсіпорын мен әртүрлі ұйымдардың жұмысшылары және жастар бар.
Айта кетейік, экологиялық сенбілік қазан айының соңына дейін жалғасады. Кез келген адам осы акцияға ерікті түрде қатысып, өз ауласын тазалау жұмысына көмектесе алады.