KZ
Өскемен
-7°
туман жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

«GGG» қарсылассыз қалды

31.07.2019, 09:59 123

Vesti.kz-тің жазуына қарағанда, бокстан орта салмақта әлем чемпионы болған Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) қыркүйекте өтетін бокс кешінде қарсылассыз қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

  Басында «GGG» 14 қыркүйекте Сауль «Канело» Альвареспен (52-1-2, 35 КО) үшінші кездесу өткізбекші болған. Алайда мексикалық боксшы бұл ұсынысты қабылдамай, кездесуді жыл соңына шегеруді ұсынды.  Осыдан кейін Головкиннің тағы бір мексикалық боксшы, бірінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Хайме Мунгиямен (33-0, 26 КО) келіссөздер жүргізіп жатқаны айтылды. Мексикалық боксшы жаңа салмаққа өтуге дайын екенін жеткізген.  Дегенмен Альварестің промоутерлердің (Golden Boy Promotions) Головкинге 14 қыркүйекті бергісі жоқ, өйткені ол күні Мексиканың Тәуелсіздік күні аталып өтіледі. GBP осы күні бокс кешін ұйымдастырып, бокс кешінің басты кездесуінде Мунгияны америкалық Джесси Варгасқа (29-2-2, 11 KO) қарсы қоймақ.  Варгас болса Мунгиямен келіссөздер жүріп жатқанын растады. Алайда бүге-шігесіне дейін айтудан бас тартты.  Осылайша, Головкин мен Альварес арасында үшінші кездесу өткізу туралы келіссөздер тығырыққа тірелген секілді.

Осы тұста қазақстандық боксшының кездесуді Лас-Вегаста өткізуден бас тартқаны туралы да басылымдар жарыса жазды. Ал Альварес үшінші кездесуге аса қатты «қызығушылық» танытып отырмаған көрінеді.

Сонымен «GGG»  қыркүйекте шаршы алаңға шыға ма? Шындығына келсек, Головкиннің командасы шалт қимылдамаса, «биг дарм шоудан» шет қалуы әбден мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу