«Оскар бос сөйлей береді». Канело GGG-мен үшінші жекпе-жек туралы пікір білдірді
Біраз уақыт бұрын Сауль Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя (Golden Boy Promotions) мексикалық боксшы мен қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы үшінші жекпе-жек келесі жылы өтеді деп уәде берген еді. «Канело» осыған қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бокс жанкүйерлеріне мәлім, 2 қарашада Лас-Вегаста Сауль Альварес пен Сергей Ковалев жұдырық түйістіреді. Аталмыш жекпе-жек қарсаңындағы баспасөз конференциясында репортерлердің бірі Альварестің есіне Де Ла Хойяның сөзін салды. Осы сәтте Мексикалық боксшы «Оскар бос сөйлей береді, мән-мағынасыз сөздерді жиі айтады» деп жауап қатты тілшілерге.
Негізінде бокс мамандарының айтуынша, «Канелоның» командасы үшінші кездесуден қашқақтап жүр. Үшінші жекпе-жек биыл осы айда өтуі тиіс еді, алайда мексикалық боксшы жұдырықтасудан бас тартты.