Қазақстанда баспа қызметі қысқарып келеді. Қай қала қанша пайда тауып отыр?
Қазақстанда баспаларға сұраныс төмендеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі
Ranking сарапшыларының мәліметіне сүйенсек, қызмет көлемі 18% - ға төмендеген. Оқулықтардың қажеттілігі күн санап артқанымен, баспалардың қызмет көлемі қысқарып келеді. Ағымдағы жылдың І тоқсанында баспа қызметтерінің жалпы көлемі 8,1 миллиард теңгені құрады. Мамандардың айтуынша, бұл өткен жылмен салыстырғанда 18% - ға кем.
Барлық қызмет көлемінің үштен екісін Алматы (37,7%-ы, 3 млрд теңге — өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,9% - ға аз) және Нұр-сұлтан қалаларындағы (23,3% - ы, 1,9 млрд теңге- өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40,7% - ға аз) компаниялар көрсеткен. Осы ретте айта кетейік, Шығыс Қазақстандағы баспалардың қызмет көлемі 179,2 млрд теңгені құрайды.
Сондай-ақ сарапшылар елімізде кітап шығару ісінің 63%-ға азайғанын атап өтті.