KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, С
480.11 532.25 5.14

Арыс қаласынан Семейге балалар арнайы демалуға келді

10.07.2019, 08:26 176

Шығысқа бүгін Арыс қаласынан 50-ге жуық бала келді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Балаларды Семейдегі теміржол вокзалынан қарсы алған қала әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев оларға жылы лебіз білдірді.

Қалалық білім бөлімінің бастығы Наталия Фесенконың айтуынша, арыстық балалар ШҚО-дағы үш лагерьде демалады. Глубокое ауданындағы Үлбі өзені бойында орналасқан «Дарын» лагері, Катонқарағай ауданындағы демалыс лагері және Семейдегі «Қарағайлы» балаларды сауықтыру лагерлерлері балаларды қабылдауға әзір екен.

- Шымкенттен жол жүріп келдік, - дейді балаларды Арыстан арнайы әкелген топ жетекшісі Фариза Тұрымбетова, - Біздің балаларға осындай қамқорлық жасап жатқан Абай еліне, Семей халқына ризамыз. Қиын-қыстау сәтте қамқорлық танытқандықтарыңызға үлкен рахмет!

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив