KZ
Өскемен
+13°
ясно Штиль
474.26 514.48 5.43

Үздік тауарлардың конкурс-көрмесі өтеді

25.06.2019, 05:06 197

ШҚО-да «Қазақстанның ең үздік тауары 2019» атты жәрмеңке форматындағы аумақтық конкурс-көрме өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Аталмыш конкурс жыл сайын өткізіледі. ШҚО Кәсіпкерлер Палатасы облыстың тұрғындары мен қонақтарын кормеге қатысуға шақырады.

Айта кетсек, «Қазақстанның ең үздік тауары» конкурсы кәсіпкерлердің қызметін отандық өнім сапасын арттыру бойынша белсендетуге мақсатталған.

Жеңімпаздар үш номинация бойынша анықталады: «Үздік өндірістік мақсаттағы тауарлар», «Үздік тұрғындарға арналған тауарлар», «Үздік азық-түліктік тауарлар».

Көрмеге қатысып, жергілікті өндірушілердің үздік өнімдерін алуларыңызға, сондай-ақ, әлеуетті бизнес-серіктестермен және жеткізушілермен іскерлік қарым-қатынас орнатуларыңызға болады.

Өтетін орны: Өскемен қаласы, Б. Александров атындағы Спорт сарайы.

Күні және уақыты: 2019 жылғы 5 шілдеде сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив