ЖСН арқылы тіркеу ұялы телефон ұрлығын азайтты
Ағымдағы жылдың басында телефон ұрлығын азайту үшін ұялы құрылғыларды ЖСН арқылы тіркеу енгізілген болатын. Телефон ұрланған жағдайда оны бұғаттап тастауға болады. Бұл туралы ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды алтайньюс тілшісі.
- Ел ішіндегі қылмыстардың 65 пайызын ұрлық жасау фактілері құрайды. Көбінесе, қалтадан, автокөліктен заттарды, телефон ұрлауға қатысты қылмыстар жасалады, - дейді министр.
Осыған орай, ұялы телефон ұрлығына жол бермеу үшін абоненттік құрылғыларды ЖСН нөмірі арқылы енгізілген. Министрдің мәлімдеуінше, ағымдағы жылдың 5 айында телефон ұрлау фактілері 16 пайызға азайған.