Әуезов даңғылындағы жол жөндеу жұмыстары аяқталып қалды
Өскемендегі Әуезов даңғылындағы жол жөндеу жұмыстары жуықта аяқталмақ. Көше сегіз жолаққа дейін кеңейтілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жеңіс даңғылымен қиылысқан тұста оң жаққа бұрылатын тағы бір жол пайда болды. Жолдың жабындысы жеті жылда алғаш рет ауыстырылып отыр. Жалпы төселген жол жабындысының аумағы 38 мың шаршы метрді құрайды.
Жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімнен ерте аяқталады.
Оқи отырыңыз