KZ
Өскемен
+20°
переменная облачность жел 3 м/с, В
476.27 515.47 5.41

Өскеменде трамвай жолдары жөнделеді

23.06.2020, 05:11 202

Қазір Н.Назарбаев даңғылынлағы жолдар жөнделуде. Бұдан кейін Абай даңғылы мен Михаэлис көшесіндегі қиылыстар жөнделеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Осы жаздың өзінде-ақ трамвайлардың 70 пайыз қиылыстары жөнделеді. Трамвай желісін қайта құру аясында Н. Назарбаев даңғылындағы өткелдерді асфальттау және жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазірдің өзінде Нефтяной көшесінің қиылысы жаңартылып қойды. Ендігі кезекте Мостовой және Пограничный көшелерінің қиылыстары тұр, - дейді қала әкімі Жақсылық Омар.

Мамырда Абай - Бажов көшелерінің қиылысына жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Жуықта Абай -Михаэлис қиылыстарындағы жөндеу жұмыстары басталады. Сонымен қатар, Шәкәрім даңғылындағы сегіз көше қалпына келтіріледі. Бұлардан өзге Қабанбай батыр - Қазақстан және Мызы - Қазақстан қиылыстары жөнделеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив