Қаражырадағы көмірдің маңында жағдай қалыпты
ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Семейдегі көмір кезегін бақылап қайтты, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.
Көмірдің сапасы мен ондағы кезекті бақылау үшін ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Дәулет Батырбаев Қаражыраға барды. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов өзінің іnstagram-дағы парақшасына жазды.
- Батырбаевтың ақпараты бойынша, жағдай тұрақты. Көмір тапшылығы жоқ. Автокөліктерге екі фронталды тиегіш арқылы тәулігіне орташа есеппен 1000 тонна көмір тиеледі, - деді аймақ басшысы.
Оқи отырыңыз