KZ
Өскемен
-10°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
523.86 544.34 5.11

Күршімнің өз консервісі. Ауданда сүт пен ет өңдейтін цех жұмыс істеп тұр

20.05.2019, 03:29 210

Күршім ауданы, Қаратоғай ауылында сүт өңдеу және қабылдау шағын зауыты мен тәулігіне 250 кг шұжық, 4800 дана консервіленген ет өнімдерін шығаратын цех жұмыс істеп тұр.

Сүт өңдеу зауытында 8 түрлі өнім шығарылады. Сонымен қатар ет өнімдерін сақтайтын 40 тонналық тоңазытқыш іске қосылған. «Арын» шаруа қожалығы базасында 1000 басқа арналған асыл тұқымды мал бордақылайтын кешен салынды. Кешен толығымен автоматтандырылған жүйеде жұмыс істейтін болады. Малдың жем-шөбін беруді қоса алғанда, оны сою да автоматты түрде жүргізілмек. Оған Күршім, Қаратоғай, Абай ауылдарының 26 шаруақожалығы мал басын біріктіреді. Сонымен қатар Қаратоғай ауылындағы СПК «Шығыс-ЖК» мен Сарыөлең ауылындағы «Тіршілік» шаруақожалықтарында 100 және 50 басқа арналған сүт тауарлы ферма жұмысын бастады.

Айта кетерлігі Күршім ауданында еліміз тәуелсіздік алғалы сүт өндіру, сүт өңдеу өндірісі болмаған. Осы және басқа да ауқымды шаралар уақыт күттірмейтін өзекті мәселе болғандықтан жергілікті азаматтар тізе қосып жұмысты одан әрі жандандыруда. Аудан тұрғындарын өзімізде өндірілетін табиғи таза өнімдерді тұтынуға шақырамыз.

Қанат Оралбек

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу