Күршімде бордақы алаңдары және сүт цехтары көбейіп келеді
Биыл Күршім ауданында 1000 басқа арналған қосымша 2 бордақылау алаңы іске қосылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аудан әкімі Дулат Қажановтың мәліметінше, Марқакөл ауылдық округынде «Нұрали» шаруа қожалығы сүт тауарлы фермасының құрылысын және сүт өңдеу цехы мен 1000 басқа арналған бордақы алаңын салуда. «Көкжал» шаруа қожалығы қосымша 1000 басқа мал бордақылау алаңдарын ашқан.
Сонымен қатар, Сарыөлең ауылдық округынде «Аңсар» шаруа қожалығы 156 герофорд асыл тұқымды ірі қараны алып, асылдандыру жұмыстарын бастап жатыр.
Марқакөл ауылында «Саят», Қалжыр ауылында «Мадияр Ж» қожалықтары сүт қабылдау пункттерін ашуды жоспарлап отыр.