1 мамыр күні ШҚО ауа райы: қар, бұрқасын, көктайғақ, тұман, бұршақ
«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамы бойынша, 1 мамырда еліміздің көп бөлігінде жаңбыр, ал солтүстікте, орталықта және шығыста қар жауады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Мамандардың сөзіне сүйенсек, Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы түнде -8 градусқа дейін төмендесе, күндіз 8 градус нөлден жоғары болады.
Сондай-ақ тұман түсіп, көктайғақ болады. Жаяу бұрқасын соғады, дауыл тұрады. Жел екпіні 23-28 м/с-ға дейін күшейеді. Қардың соңы бұршаққа айналуы мүмкін.
Оқи отырыңыз