Республика күніне орай полиция қызметкерлері марапатталды – ШҚО
ШҚО Полиция департаментінің мәжіліс залында Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Іс-шараның ашылу салтанатында ШҚО ПД бастығы полиция полковнигі Серік Жүнісбеков жиналғандарды құттықтап, зор денсаулық, әр шаңыраққа бақыт, береке-бірлік тіледі.
- Республика күніне орай қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Марат Мұратұлы Ахметжановтың бұйрығымен ШҚО ПД-ның төрт қызметкеріне мерзімінен бұрын арнайы шендері, сондай – ақ атқаратын штаттық лауазымынан бір саты жоғары арнайы шені берілді, тағы 2 қызметкер ведомстволық награда - "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен барлығы 15 қызметкер марапатталды. Сонымен қатар, ШҚО ПД-ның 47 қызметкері ШҚО Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі С.Т. Жүнісбековтың бұйрығымен алғыс хаттармен және граматолармен марапатталды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Салтанатты шара мерекелік концертпен аяқталды.