ШҚО-да соғыс ардагерлері медициналық тексеруден өте алады
ШҚО-да лы Отан соғысының 74-жылдығына орай «Қамқорлық-Забота» айлығы өткізілмек. Оның аясында облыстағы медициналық мекемелерде Ашық есік күні ұйымдастырылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аталмыш шара 25 сәуірде басталып, 25 мамырға дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында амбулаториялық-емханалық мекемелерде соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері медициналық тексеруден өтіп, түрлі дәрігерлердің кеңесін алады. Мұндай медициналық көмек денсаулығы аса нашар ардагерлер үшін үй жағдайында да көрсетілетін болады.
-Денсаулық жағдайына байланысты емханаға келе алмайтын қарттардың үйлеріне дәрігерлер өздері барады. Дәрігерлер тобына невролог, терапевт, хирург, окулист, отоларинголог кіреді. Тесерулердің нәтижелері бойынша оларға стационар мен санаторийде, немесе үй жағдайында учаскелік терапевт-дәрігердің бақылауымен емдік-сауықтыру шаралары жүргізіледі, - деді Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ілияс Мұхамеджан.
Айта кетсек, қазір ШҚО-да 187 соғыс ардагері мен 14 000 тыл еңбеккері бар екен.