KZ
Өскемен
-9°
переменная облачность жел 1 м/с, С
522.91 548.85 5.05

Өскеменнен табылған бас сүйектер: Ол жерде бұрын НКВД ғимараты болған

3.04.2019, 06:31 243

Өскемендіктер бас сүйектердің қайдан пайда болғаны туралы түрлі болжамдар айтып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


YK.kz сайты келтірген ақпараттарға сүйенсек қала тұрғындарының пікірлері де әр түрлі. Біреулер – ол жерде ескі зират болған десе, бәз-біреулер әлдебір жер үйдің бақшасы болған десті. Сондай-ақ ол жерде «НКВД»-ның аудандық бөлімі болған деген болжам да айтылды. Белгілі өлкетанушы бұл пікірді растап отыр.


– Такси жүргізушісінің зират болды дегеніне сену қиын, – дейді өлкетанушы Александр Харламов, – өткен ғасырда бұл ауданда тығыз орналасқан жер үйлер болған. Революцияға дейін жақын маңда ең бай көпестердің үйлері, Никольский соборы, Мариинское училищесі, полицей үйі, Мешіт көшесі болған... Осылардың жанында зираттың болуы мүмкін бе?! Мүмкін 18 ғасырға дейін болған шығар. Ал НКВД-ның бөлімі шынымен де осы маңда орналасқан еді. Бірақ чекистер құрбандықтарын өз ауласына көмді дегенге сену қиын. Бұл мәселеде ескі карталарды жіті қарау керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу