KZ
Өскемен
+24°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

Өскеменнің автовокзалында жөндеу мен абаттандыру жұмыстары жалғасуда

28.03.2019, 04:28 174

 

Өскеменнің Абай даңғылындағы автовокзалда басталған ауқымды жұмыстар әлі аяқталмағаны белгілі. Алдағы уақытта бұл жерде жаңа орындықтар, тамақтану пункті және тағы да басқа көптеген жаңа нысандар пайда болмақ, деп хабарлайды Алтайньюс сайты.

 

Сондай-ақ, жеке тұрған павильонда қысқы бақ жасалады. Бұл жолаушылардың демалатын орыны болады.

 

Автовокзалдың сыртында үлкен монитор орнатылып, ол жерде автобустардың жүру кестесі көрсетіледі. Шылым шегетін екі жабық павильон орнатылады.

 

Тамақтану пункті жаңартылып, мәзірі де кеңейтіледі екен. Сонымен қатар, мұндағы дәмхананың аспазханасындағы ас әзірлеу процессін келушілер өздері бақылай алатындай етіп ұйымдастырмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив