KZ
Өскемен
-7°
ясно жел 1 м/с, С
497.89 525.12 5

Жарық емес, су емес, ұялыбайланыс тартып беруді сұрайды Өскеменнің тұрғындары

27.03.2019, 08:19 106

Өскеменде мыңға тарта тұрғын жарық пен суды емес, ұялытелефон байланысын тартып беруді сұрап, шағымданып отыр. Олар ешкіммен хабарласа да, баланың электронды күнделігін көре де алмай қиналуда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі КТК арнасына сілтеме беріп.

 

– Жұмыстан шығып үйге жетсең, құдды орта ғасырға тап болғандай күй кешесің. Интернетті былай қойып, қоңырау шалу  мүмкін емес. Теоефонмен сөйлесу үшін үлкен жолдың бойына жүгіреді бәрі. «Переговорный пункт» – сол. Біздің кент облыс орталығына қарайды онымен қоса, – дейді Самсоновка кенті тұрғындары.

 

– Баламыздың электронды күнделігін қарау мүмкін болмай тұр. Олардың мектептегі жай-күйі өз жайына қалды, - дейді бірі.

 

– Біз секілді қарттар жедел жәрдем шақыра алмай зар боп отыр. Ешбір құжатымызды да алдыра алмаймыз, – дейді екінші тұрғын.

 

Бұл жақта смартфондар оятқыштың қызметінен арғысына жарамай тұрғаны белгілі. Ал интернеттің оқушылардың сабақ қарауына қажет екені және анық.

 

Әлбетте, тұрғындар тығырықтан шығар жол іздеген. Байланыс орталықтарына шыққан. Ондағылар мұнара орнататын жерді әкімдік бөлетінін айтқан.

 

– Бұл мәселені шешудің жолы қарастырылып жатыр. Алдағы уақытта реттеледі, – деді қала әкімінің баспасөз қызметкері Әлібек Тұрсымбетов.

 

Бірақ әкімдік мұнара орнатуға жер бөле ме, әлде басқа жол қарастыра ма - ол жағы айтылмады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу