«17 сирек жүреді, 26-ны көрмейміз». Өскеменнің тағы бір проблемасы
«17 сирек жүреді, 26-ны көрмейміз». Автобус күткен өскемендіктер жұмысқа жете алмай жүр. Қоғамдық көлікті күте-күте шаршаған өскемендіктер шаһар басшысына шағымданды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жақсылық Омардың алдында арыз-шағым айтқандар – 19-шағынауданның тұрғындары. Аталмыш ауданға екі автобус қатынайды. №17 және 26 маршрутты қоғамдық көліктер. Тұрғындардың айтуынша, №17-автобус өте сирек жүреді. Ал №26-автобусты тағатың жетіп тосу мүмкін емес дейді.
Біздің ауданға қатынайтын бар-жоғы екі-ақ автобус. Екеуі де тым сирек жүреді. Таң бозынан ілініп-салынып сонымен жұмысқа барып жүрміз. Автобусқа сыймағанымыз қаламыз, жұмыстан кешігіп. Ал №26-ны мүлдем көрмейміз. Қалай келіп, қалай кетіп жүргенін бір құдай біледі, – дейді тұрғын Марина Байсарина.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өскемен әкімі Жақсылық Омар қала тұрғындарымен кездесіп, есеп беруде.