Өскеменде взводтардың жауынгерлік атыс даярлығы басталды
Фото: Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі
Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөлімінде жеке құрамның дағдысы мен үйлесімділігін жетілдіру мақсатында взводтардың жауынгерлік атыс даярлығыбасталды.
Атыс даярлығы кезінде сарбаздар тактикалық, инженерлік, әскери-медициналық даярлық, ауа-райының қиын жағдайында жауынгерлік машиналарды жүргізу, әртүрлі атыс қаруларынан, гранатометтерден және жауынгерлік машиналардан ату жөніндегі нормативтер орындалады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, тактикалық іс-қимылдармен қаруды шебер қолдану және бөлімшелердің атысын басқару, сонымен қатар қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау басты назарда болады. Жеке құрам ұрыс қимылдарын жүргізу, өзара іс-қимылды ұйымдастыру, взводтың атысын басқару сынды мәселелерді пысықтайды, сондай-ақ ұрыс машиналарының қозғалыс кезіндегі ату шеберлігін жетілдіреді.
Взводтардың жауынгерлік атыстарын жүргізу кезінде басты назар дұрыс тактикалық іс-қимылдарға, қаруды ұрыста шебер және тиімді қолдануға және бөлімшелердің атысын басқаруға, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға аударылады.
Атыс жаттығулары барысында әскери қызметшілер өз іс-қимылдарын штаттық жауынгерлік техникаларда практикалық атыс пен тактикалық дайындық нормативтерін орындап, сонымен қатар сынақтар тапсыратын болады. Наурыз айында атыс даярлықтары қорытындыланады.