KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
495.1 583.72 6.46

Катонқарағайда аю мен ілбіс фототұзаққа ілікті

13.03.2023, 12:08 1 380 Оразай Жеңісұлы

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде аю мен ілбіс фототұзаққа ілікті.

Ұлттық парк қызметкерлері Қызыл кітабқа енгізілген жануарлардың фотосуреті мен бейнежазбасын жариялады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Сондай-ақ өткен жылы Сібір тау ешкісі мен Алтай ұлары кадрға түсіпті.

– Ұлар жүрген жерде қар барысы жиі ұшырасады. Сондай-ақ аюлар фототұзаққа үнемі ілігеді. Қонжықтар қатты қорыққандықтан камераны тарпып, құлатып та кетеді. Жалпы бұл кадрлар парк аумағындағы ерекше қорғалатын жануарлардың жағдайы жақсы екенін көрсетеді, – дейді Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу